Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы қалай есептеледі?
Фото: rbc.ru
Жыл басынан бастап көпбалалы отбасылар 274 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады, — деп жазды Еңбек және әлеуметтік қамту министрлігінен.
Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:
— 4 баласы бар отбасыларға — 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
— 5 балаға — 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
— 6 балаға — 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
— 7 балаға — 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға — әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз.
Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.