KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 8 м/с, ОШ
511.26 597.61 6.32

Ертең ШҚО-да күшті жел тұрып, күн тұманды болады

pexels.com

13.04.2024, 17:00 497 Назерке Каримова

«Қазгидромет» ШҚО филиалының ақпараты бойынша, 14 сәуірде түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында тұман күтіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. 

ШҚО ТЖД халыққа қауіпсіздік шараларын ескертеді:

- жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаңыз

- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз

- автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз

- төтенше оқиғалар туралы "101" немесе" 112" нөмірлеріне қоңырау шалыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу