ШҚО-да күн райына байланысты тағы да ескерту жарияланды
шартты сурет: depositphotos.com
Қазгидрометтің Шығыс Қазақстандағы филиалының ақпараты бойынша, 12 сәуір күні түнде облыстың солтүстігі мен шығысында күн райы бұзылады. Қарлы жаңбыр күшейіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Түнде облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с бастап 23-28 м/с дейін жетеді. Өскемен қаласында жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
ШҚО ТЖД тұрғындарға мынандай кеңес береді:
- жолдарда жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтаңыз;
- жаяу жүргіншілер құлап қалудан сақтаныңыз, асықпаңыз;
- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз;
- автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз.
Төтенше жағдай кезінде «112» телефоны бойынша хабарласыңыз.