KZ
Өскемен
+2°
небольшой проливной дождь жел 6 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

Күн райы: ШҚО тұрғындарына ескерту жарияланды

Фото: depositphotos.com

18.04.2025, 08:00 438 Әбішев Ержан

«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, 18 сәуір күні өңір аумағында қолайсыз ауа райы күтіледі. Облыстың барлық аумағында жаңбыр мен қар жауады, солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда жауын-шашынның қатты түсуі мүмкін. Сонымен қатар көктайғақ пен тұман байқалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында қалың тұман күтіліп отыр. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнгі уақытта -1...-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +5...+10 градусқа дейін ғана жылынады.

Мамандардың айтуынша, мұндай ауа райында тұрғындар барынша сақ болуы қажет. Жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, ара қашықтықты сақтау, барынша мұқият болу керек. Жаяу жүргіншілерге көктайғақтан жарақат алу қаупін азайту үшін таймайтын аяқ киім кию ұсынылады.

Күшті жел соққан жағдайда:

  • Электр сымдарына және тербелетін заттарға жақындамаңыз;
  • Ағаштар мен автобус аялдамаларының артына тығылмаңыз;
  • Ашық алаңдардан аулақ болыңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда бірден «112» нөміріне хабарлау қажет. Тұрғындарға ауа райына сай киініп, алыс жолдарға шықпас бұрын ауа райы болжамын оқуға кеңес беріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу