Өскеменде Жеңіс күніне арналған патриоттық әндер шырқалды (видео)
Өскемен қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шаралар өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары Даңқ мемориалына жиналып, соғыс ардагерлерін еске алып, Отан үшін жанын қиған батырларды құрмет көрсетті.
Мерекелік іс-шара барысында әскери-патриоттық бағыттағы және соғыс кезіндегі әндер шырқалды. Әндер соғыс жылдарындағы ерлікті, бірлік пен отансүйгіштікті дәріптеді. Ерлік пен өрлікке үндейтин әсерлі әуендер көрермен көңілін сан түрлі сезімге бөледі.
Жалынды, патриоттық әндерді шырқаған Өскемен қаласының өнер ұжымдарына, шараға жиналғандар ерекше ризашылығын білдіріп жатты.
Қуаныш Рахметоллаұлы
Фото: Жібек Нұрахмет