KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
441.44 473.09 4.75

Мектеп директорлары жаңаша тағайындалады: Министр түсіндіріп берді

25.08.2021, 14:48 330

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп директорларын тағайындаудың жаңа тәртібі туралы айтты.

Айтуынша, енді мектеп директорының міндетін атқарушы болып үш айдан аспайтын және бір реттен артық емес мерзімде ғана істеуге болады. Осы кезеңде конкурс өткізіліп, жаңа басшы тағайындалуы керек.

Мектеп директорының бос немесе уақытша бос лауазымына конкурс туралы хабарландыру бос орын пайда болғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде білім басқармасының ресми сайтында және аккаунтында орналастырылады.

"Осылайша, бос немесе уақытша бос директор лауазымына конкурс жарияламай-ақ, жылдар бойы директордың міндетін атқарушы болып жұмыс істеп жүре беруге енді жол берілмейді", - деп жазды Аймағамбетов Facebook-те . 

Директордың уақытша бос лауазымына (бала күтіміне байланысты демалыс, оқу және т.б.) тағайындау да регламенттеледі. Мұндай жағдайларда ұйым басшысы тікелей тағайындау емес, конкурс арқылы анықталады.

Сонымен қатар, енді директор лауазымына конкурсты аудандық білім бөлімі емес, облыстық білім басқармасы өткізеді. Содан кейін директордың кандидатурасы бойынша құжаттар еңбек шартын жасасу үшін білім бөліміне жіберіледі. Директор 5 жылға тағайындалады.

Байқаудың өзі бірнеше кезеңнен тұрады:

·     кандидаттардың директор лауазымына құжаттар тапсыруы;

·    білім басқармасындағы кадр қызметінің кандидаттың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалауы, конкурсқа қатысуға рұқсат беруі;

· үміткерлерге арналған электронды тестілеу (басқарушылық құзыреттер, педагогика, психология, ҚР заңнамасы бойынша тестілеу);

·   оқу орнының қамқоршылық кеңесінің алдында мектептің даму жоспарын қорғау (тестілеуді сәтті тапсырған жағдайда);

·   білім басқармасындағы әңгімелесу (қамқоршылық кеңесінің алдында мектептің даму жоспарын сәтті қорғап шыққан үміткерлер жіберіледі).

Барлық кезеңнен өткен үміткермен білім бөлімі тиісті еңбек шартын жасап, оны директор етіп тағайындау туралы бұйрық шығарады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив