KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
506.7 593.14 6.53

Бірқатар республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы қайта ашылды – ШҚО

15.01.2026, 08:30 94 Төлеуғазы Жансая

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы қайта жанданды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

15 қаңтар күні сағат 08:30-дан бастап төмендегі автожол учаскелерінде көліктің барлық түріне қозғалысқа рұқсат берілді: 

«Өскемен – Риддер – РФ шекарасы» автожолының 15–105 шақырым аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін);

«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1104–1212 шақырым аралығы (Глубокое ауылы бұрылысынан Шемонаиха қаласына дейін);

Осы автожолдың 1013–1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасынан Рубеж бекетіне дейін);

«Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 7–450 шақырым аралығы (Ушановское ауылынан Рахман қайнары шипажайына дейін);

«Өскемен – Семей» автожолының 10–103 шақырым аралығы (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);

«Омбы – Майқапшағай – Қалжыр – Марқакөл» автожолының 0–124 шақырым аралығы.

Жол қозғалысына шыққан жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, жылдамдық режимін сақтау және жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң ұстану ұсынылады. Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу