KZ
Өскемен
-8°
небольшой снег жел 5 м/с, З
509.84 595.75 6.47

ШҚО-да бүлдіршін терезе жақтауларының арасына қыстырылып қалды

20.08.2021, 15:30 246

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының тәртіп сақшылары терезе жақтауларының арасында қалып қойған 3 жасар баланы құтқарды.

Ата-анасы мас күйде ұйықтап жатқанда үйдегі мысық қос терезенің арасына түсіп кеткен. Оны құтқарамын деген бала мысықты шығарғанымен, өзі шыға алмаған. Бір сағат бойы бақырып, көмек сұрағанымен ата-анасы оянбапты. 4 жасар ағасы да оларды оята алмаған.

Оқиғадан кейін ата-анасын құқықтарынан айыру шаралары қабылданып, балалар Өскемендегі бейімдеу орталығына орналастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу