KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 2,2 м/с, ОШ
475.18 510.72 5.47

ШҚО-да үшінші қабаттың терезесінен бала құлап кетті

2.06.2020, 08:33 182

ШҚО-да сәби үшінші қабаттағы терезеден құлап, аман қалды, деп хабарлайды ШҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

30 мамыр күні Алтай қаласында бір жарым жасар сәби үшінші қабаттан дүкеннің маңдайшасына құлап кеткен.

«Пәтерде терезенің жанында диван тұрған. Сол арқылы бала терезеге оңай көтерілген. Москит торы бала салмағын көтере алмаған, осылайша шақалақ құлап кеткен. Бала аман, ауруханада жатыр», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

Бұл – облыстағы биылғы жылғы алғашқы оқыс жағдай. Құтқарушылар кішкентай балалар бар пәтерлер тұрғындарына арнайы терезе құлыптарын орнатуға, жиһаздарды терезе маңынан алысырақ қоюға шақырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив