Шығыстың қойнауында түбі бір түркі әлемінің фестивалі думанмен аяқталды
Шығыс Қазақстан тарихындағы айшықты да ауқымды мәдени-рухани әрі тарихи шаралардың шоқтығы биігі мәресіне жетті. «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі бірнеше елдің өнерін тоғыстырған рухани алаңға айналып, мыңдаған көрермен түн жамылғанша ән мен жырға, көне сарынға сусындады. Алты сағат бойы айтыс алыптарының сайысын тамашалаған Шығыс жұрты, Катонқарағайдың кешкі салқын самалымен басталған музыка фестивалін тамашалады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алыс-жақыннан келген халық «айтыс алабын» алты сағат бойы толтырып, кешкі салқын самалда Катонқарағай төрінде халықаралық сахнаның куәсі болды. Түркі дүниесінің түкпір-түкпірінен жиналған әншілер мен жыраулар ежелгі дәуірдің үнін тірілтіп, бауырлас халықтардың мәдени сабақтастығын айқын паш етті.
Фестивальдің ашылу нышаны — Берел қорғанынан табылған қасиетті Штандарт. Бұл кие — түркі халықтарының ортақ рухани мұрасы мен бірлігінің белгісі.
Концертті «TURAN» этно-фольклорлық ансамблі көне сарынмен бастап, тыңдарманды дәуірлер тереңіне жетеледі. Сахнада тарихи қойылымдар мен түркі халықтарының дәстүрлі билері көрерменді тамсандырды.
Шара барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов:
Аймақ басшысы Саха Республикасынан келген ең жас қатысушы — жеті жасар Архан Уйгуге арнайы домбыра сыйлады. Кішкентай әнші сахнада қазақтың «Домбыра» әнін шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Қарақалпақстаннан келген Мұхаммед Төребеков:
Тыва елінен келген Алексей Ховалыг:
Алғаш рет Қазақстанға табан тіреген түркиялық Мухаммед Али Учар да Шығыс табиғатына тамсанып, түркі жұртының бірлігі арта берсін деген тілегін жеткізді.
Сахна төрінде Ерлан Рысқали, Құралай Мейрамбек, «Абырой» тобы, Қобыланды Болат, Ернар Сәдірбаев сынды жұлдыздар өнер көрсетсе, «МузАрт» тобы ән шашудың шырайын келтірді.
Айта кету керек, ресми дерекке сүйенсек, бұл фестиваль енді екі жылда бір рет түркі әлемінің басын тоғыстырмақ.
Фото: Жібек Нұрахмет







