KZ
Өскемен
-39°
туман жел 1 м/с, С
512.16 594.72 6.57

ШҚО әкімі тарбағатайлық малшылардың еңбегін атап өтті

28.06.2025, 19:00 325 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Тарбағатай ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде (Ақжар ауылы) ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін марапаттады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қуан» шаруа қожалығының шопаны Қайрат Шаяхметов «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» медалімен, ал «Жомарт» шаруа қожалығының жетекшісі Каким Мұхаметқалиев ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін ШҚО әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Бүгін 52 жасқа толған Қайрат Шаяхметов өмір бойы бір ғана мамандыққа адал болып, шопандықты серік еткен жан. Ол бес баласын еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеп өсірді. Оның еңбекқорлығы мен туған жерге деген сүйіспеншілігі ауыл тұрғындарына үлгі.

Ал Каким Мұхаметқалиевтің үлкен әулеті – ата-бабасынан бері мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан еңбекқор жанұя. Олар ауылдың мақтанышына айналған. Каким Мұхаметқалиевтің ата-анасы жасаған дәстүрлі ұлттық нақыштағы киіз үй жабдықтары Мәскеуде өткен халықаралық көрмеде көрсетіліп, ата-баба дәстүріне деген құрмет пен маңдай тердің жемісі ретінде бағаланды.

"Қайрат Шаяхметов пен Каким Мұхаметқалиев сияқты еңбекқор да абыройлы азаматтарымыз барда ауылдың болашағы жарқын. Оларға зор денсаулық, амандық және барлық бастамаларына сәттілік тілеймін", – деді облыс әкімі.

Фото: Махаббат Ахметжанова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу