KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
527.3 544.86 4.95

Сергейдің кейінгі буынға үйретері көп

14.12.2024, 10:45 42 Гульжан Мусина

Самар ауданындағы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген жандар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде зор үлестерін қосуда. Олар таңның атысынан кештің батысына дейін ел игілігі үшін аянбай тер төгуде. Солардың бірі – Сергей Кошманов, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ол шаруа қожалығында механизатор болып еңбек етеді. Комбайн, трактор сынды басқа да ауыл шаруашылығы саласының техникаларының тілін жетік меңгерген маман.

Жастайынан әкесінің жанында жүріп, машина мен трактор жөндеуді үйренген екен. Осыдан-ақ, оның техникаға деген қызығушылығы бала кезінен басталғанын аңғаруға болады. Алғашқы еңбек жолын «Қалисаттарұлы» шаруа қожалығынан бастағанын айта кеткен орынды. Сергей механизатор, көлік жүргізушісі, дәнекерлеуші ретінде жұмыс істеп, жан-жақтылығын көрсеткен. 

Иә, Сергей еңбекқор, адал азамат. Бастаған ісін еш уақытта аяқсыз қалдырмайды. Сондықтан болар, ол шаруа қожалығының басшысы С.Жотабаевтың қолынан талай мәрте сыйақы алған. Сондай-ақ оған басшылық тарапынан үй мен машина да тарту етілген.

– Жастар біздің Сергейден үлгі алса екен. Оның кейінгі буынға үйретері көп. Ол ауыл шаруашылығы саласының қыр-сырын жетік меңгерген азамат, – деп түйіндеді С.Жотабаев.

  Қанат Апсадықова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу