Өскемен – Семей тас жолының бір бөлігі жөнделеді
Өскемен қаласына жақын маңда орналасқан Прудхоз ауылының тұсындағы жол жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Өскемен – Семей бағытындағы тас жолдың Прудхоз ауылы маңындағы учаскесін тексеріп шықтым. Бұл жолға қатысты жүргізушілер мен жолаушылардан шағымдар келіп түскен, – деді Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов.
Әкімнің айтуынша, алдағы уақытта аталған учаскеде жол жабынына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу бекітілген стандарттарға сай жүзеге асырылады.
Бұл – жол қозғалысына қатысушылар үшін жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шара.
Оқи отырыңыз