Өскемен: Бірінші кезеңде қай жол учаскелері жөнделеді?
Биыл облыс орталығындағы орташа жөндеу жұмыстарының бірінші кезеңіне 16 позиция кіреді.
Атап айтқанда, 10 көше, 1 көпір және ықшам аудандарды дамыту бағдарламасы аясында шет жақтағы 5 учаске, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қала бойынша қазір Теміржолшылар көшесінде, Интернациональная көшесінің қалған учаскесінде, Абай даңғылы және шағын айналма жолының тұсындағы көпірде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бірінші кезеңде жөнделетін учаскелер тізімі:
- Шнайдер көпірі;
- Теміржолшылар көшесі;
- Интернациональная көшесі, Волгоградскаядан Абай даңғылына дейінгі аралықта;
- Молдағұлова көшесі;
- Аврора көшесі, Н.Назарбаев даңғылына қарай бұрылыс;
- Өскемен-Семей автожолынан "Радуга" бау-бақша қоғамына дейінгі аралықта 53 автобус бағытындағы жол;
- Абай даңғылының Спорт сарайынан Тракторная көшесіне дейінгі аралығы;
- Қалихан Ысқақ көшесінің Гагарин бульварынан Севастопольская көшесіне дейінгі арылығы;
- Пограничная көшесінің Н.Назарбаев даңғылынан Бажов көшесіне дейінгі аралығы;
- Протозанов көшесінің Үлбі көпірінен "Ертіс концерт" ғимаратына дейінгі арылығы (көпір астындағы жолды қосқанда);
- Жыланды кенті;
- Прудхоз ауылы;
- Согра кенті;
- 22 ықшам ауданы;
- 23 ықшам ауданы.