KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Бүгін – Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні

Фото: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми сайты

9.07.2025, 10:10 270 Арайлым Орсаринова

9 шілде – Қазақстанда Су шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz сайтының тілшісі Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған сәттен бастап су саласы мамандарының мәртебесін көтеруге ерекше назар аударуда. 

Мәселен, «Табиғи монополиялар туралы» заңына өзгерістер енгізіліп, қабылданды. Бұл өзгерістер 1-қыркүйектен бастап су шаруашылығы саласындағы 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын электр энергетикасы мен жылу энергетикасы салаларындағы мамандардың деңгейімен теңестіруге мүмкіндік берді. 

Сонымен қатар «Қазсушар» РМК-ның маусымдық жұмыс істейтін 435 қызметкері тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу