KZ
Өскемен
-25°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
518.39 603.09 6.68

ШҚО құтқарушылары балаларға төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін үйретті

10.07.2025, 09:00 234 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстандағы жазғы балалар сауықтыру лагерьлерінде дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген «Қауіпсіздік күндері» аясында құтқарушылар жас буынға төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін үйретті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары оқушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін, өрт кезіндегі әрекет ету тәртібін және ашық терезе маңындағы ойындардың қауіптілігін егжей-тегжейлі түсіндірді.

– Ұл-қыздар өрт сөндірушілердің арнайы қорғаныс киімімен танысып, құтқарушылармен бірге қызмет атқаратын Хит есімді лабрадор итпен кездесіп, ерекше әсер алды. Сонымен қатар ТЖМ медициналық орталығының мамандарынан алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйреніп, шартты өртті сөндіру машығын меңгерді, – деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері.

Фото: ШҚО ТЖД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу