KZ
Өскемен
+23°
ясно жел 3 м/с, С
481.19 538.45 5.18

Балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді – ШҚО ТЖМ

20.05.2024, 15:51 117 Ержан Әбіш

ШҚО ТЖД мамандары каникул қарсаңында мектептерді аралап, оқушыларға алдағы жазғы каникулды қалай қауіпсіз өткізу керектігін түсіндірді. Балаларға өрт сөндіру ережелері бойынша шеберлік сабақтарын ұйымдастырды.

Құтқарушылар өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған жағдайда өрттің   қаншалық тез тарайтынын, өрт жайылып кетпес үшін бірінші кезекте қалай әрекет ету керектігін баяндады. Сондай-ақ оқушыларға жалынды сумен және құммен сөндіру тәсілдерін көрсетіп, өртсөндіргішті қолдануды үйретті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД қызметкерлері құтқарушылар келгенге дейін түтін басқан   бөлмеден қалай дұрыс шығу керектігін айтып берді. Оқушыларға 112 нөміріне телефон арқылы қалай хабарласу, өрт болған жердің мекенжайын қалай дұрыс айту керектігін ұғындырды.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив