KZ
Өскемен
-17°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
509.63 592.34 6.54

Олжас Бектенов Президенттің туризм саласындағы тапсырмаларын орындау бойынша жиын өткізді

Фото: primeminister.kz

10.07.2025, 20:00 293 Ержан Әбіш

Премьер-Министр Олжас Бектенов туризм саласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау барысы бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Кеңесте Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың Алакөл жағалауындағы жағдай, жазғы демалысты ұйымдастыру және елдегі туристік аймақтарда жасалып жатқан жағдайлар, соның ішінде туристік инфрақұрылым, сервис пен қауіпсіздік мәселелері туралы баяндамалары тыңдалды.

Премьер-Министр өңірлердің әкімдері мен министрлерге жұмысты күшейтуді тапсырды. Бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Мемлекет басшысы атап көрсеткен ескертулерді жедел түрде жою жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов өңірлерге аттанады. Нәтижесінде, кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізілмек.

Кеңес барысында Алматы таулы кластерін дамыту мәселелері де қаралды. Бұл жоба маңызды инвестициялық бастамалар тізіміне енгізілген. Бастапқы кезеңде электрмен жабдықтау, кәріз жүйесі, газбен қамту және автожолдар салу, сондай-ақ іргелес аумақтарды абаттандыру сияқты инфрақұрылымдық жұмыстар жоспарланған. Кейіннен әлемдік деңгейдегі курорт қалыптастыру үшін толыққанды жағдай жасалмақ. Жоба аясында жазғы инфрақұрылымды дамыту, тұрақты даму қағидаттарын енгізу, қоршаған ортаны цифрлық мониторингтеу және нысандардың инклюзивті болуын қамтамасыз ету қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу