KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Биыл 87 елді мекен газдандырылады

сурет: primeminister.kz

18.03.2024, 10:29 142 Оразай Жеңісұлы

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов 15 наурызда өткен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді.

Ел Үкіметі елді мекендерді газдандыру деңгейін арттыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елді мекендерді газдандыру деңгейін арттыру мақсатында Мемлекет басшысы кемінде 1,7 мың шақырым желіні жаңғырту міндетін қойды. Бұл 300 мыңнан астам азаматқа көгілдір отынды қолжетімді етеді. Осыған байланысты Үкімет биыл жоспарланған 46 елді мекеннің орнына 87 елді мекенді газдандырмақ. Осылайша, жеделдетілген шаралардың арқасында 63 мыңнан астам халқы бар қосымша 41 елді мекен газдандырылады, яғни қамту деңгейі 2 есеге ұлғаяды. Бұл мақсаттарға 195 млрд теңге бөлінетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу