KZ
Өскемен
-14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
509.94 593.88 6.43

Өскемен тұрғыны бостандықты шектеу тәртібін бұзғаны үшін қайта колонияға жіберілді

depositphotos.com

12.07.2025, 09:00 181 Ержан Әбіш

Абай облысында алаяқтық үшін сотталған әйел бостандығын шектеу шарттарын бұзған соң қайтадан колонияға жіберілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

33 жастағы Өскемен тұрғыны алаяқтық қылмысы үшін сотталып, үш жыл бас бостандығынан айырылған болатын. Жазасын өтеу үшін ол Абай облысындағы әйелдер колониясына жеткізілген. Ішкі тәртіп ережелерін сақтағаны және жазасының бір бөлігін өтегені үшін сот жазаны жеңілдетіп, бостандығын шектеу түріне ауыстырған еді. Ол бір жыл он ай мерзімге бостандығын шектеу жазасына ауыстырылып, пробациялық бақылауға алынған.

Алайда сотталған әйел жазаны өтеу тәртібін бұзған, тіркеуге келмей, тексеріс кезінде тұрғылықты мекенжайында болмаған. Осы себепті сот бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айырумен алмастырып, ол жазасының өтелмеген бір жыл жеті ай мерзімін қайтадан темір тордың ар жағында өтейтін болды.

Қазіргі уақытта ол қайтадан Абай облысындағы әйелдер колониясында жазасын өтеп жатыр. Арнайы бөлім бастығы Светлана Голикованың айтуынша, ол карантин бөлімінен шыққан соң мекеменің наубайханасына жұмысқа орналастырылады.

Сотталған әйелдің өзі:

– Басында бұл жазаның қаншалықты маңызды екенін түсінбедім. Тіркеуге тұрғаннан кейін бұрынғы таныстарыммен қайта араласып, бұрынғы өмірімді еске түсірдім. Еркіндіктің қадірін бағаламадым. Ал шын мәнінде жұмысқа орналасып, еркін өмір сүріп, ешқандай ережені бұзбай, адамша өмір сүруге болар еді. Мен тұрмыста емеспін, балаларым да жоқ, – деп өз өкінішін жеткізді.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу