KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 1 м/с, С
517.16 588.48 6.23

Алимент төлемеген ШҚО тұрғыны сотталды

istockphoto.com

8.04.2025, 12:30 177 Әбішев Ержан

Шығыс Қазақстанда алимент төлеуден жалтарған азамат еркіндігінен айырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Соттың мәліметінше, ер адам бала күтіміне арналған қаражатты төлеуден жалтарған. Бұған дейін оған 1 жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасы тағайындалған еді. Алайда ол жұмыспен қамтылуға тырыспаған және алимент қарызын өтеу үшін ешқандай шара қабылдамаған.

Сонымен қатар, сотталған азамат пробациялық бақылау талаптарын жүйелі түрде бұзған. Осыған байланысты Риддер қалалық соты шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды. Үкім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, Қазақстанда баланың құқықтарын қорғау – мемлекет үшін маңызды басымдықтардың бірі. Сондықтан алимент төлеу міндетінен жалтарған тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу