KZ
Өскемен
-35°
туман жел 2 м/с, С
512.16 594.72 6.57

Ермек Көшербаев: Туризм – бұл демалыс, сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамыту

Фото: primeminister.kz

15.07.2025, 17:10 264 Ержан Әбіш

Бүгін Астанада өткен ҚР Үкіметінің 2025 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен республикалық бюджеттің орындалуы бойынша отырысынан кейін Премьер-министр мен вице-министрлер брифинг өткізіп, журналистердің ондаған сұрағына жауап берді.

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Altainews.kz тілшісінің Қазақстанның туристік аймақтарына жасаған инспекциялық сапары жайлы сұрағына жауап бере отырып: «Туризм саласы – бұл жай ғана демалыс емес. Бұл – шағын және орта бизнесті дамыту мәселесі», – деп атап өтті.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлерге бірден сарапшылар тобы жіберілген. Оның құрамына салалық мамандар, вице-министрлер, министрлік пен ведомстволардың департамент басшылары кірген.

«Біз тексеріске жай бара салған жоқпыз – алдымен отандық туризм туралы бұқаралық ақпарат құралдары, блогерлер мен әлеуметтік желілердегі теріс пікірлерді жинап, қорытып, кемшіліктер мен бұзушылықтардың нақты тізімімен жолға шықтық», – деді Ермек Көшербаев.
«Айта кету керек, бұл деректердің басым бөлігі расталды. Біз олардың көпшілігін өз көзімізбен көрдік. Дегенмен, бұл бағытта ештеңе жасалып жатқан жоқ деуге болмайды», – деді ол.

Оң мысал ретінде Көшербаев Қапшағайдағы ірі демалыс аймағын атады. Онда мемлекет тарапынан жағдай жасалғаннан кейін инвестор келіп, қаржы салып, бүгінде демалыс орындары, ойын-сауық және спорттық инфрақұрылым пайда болған. Бұл өз кезегінде туристердің көптеп келуіне себеп болған.

«Бұл – мемлекеттің жағдай жасап, инвестордың қаржы салып, қызмет көрсету мен сервисті дұрыс ұйымдастыруының үлгісі», – деп нақтылады Ермек Көшербаев.

Андей Дудник

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу