KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
530.24 543.97 5.16

Биыл қаржы бөлуде туризм және сервис жобаларына айрықша басымдылық беріледі

20.09.2024, 12:20 171 Айжанат Бақытқызы

Бүгін өтіп жатқан ШҚО мәслихатының XVI сессиясында инвестициялау мен субсидиялау бағыттары туралы да айтылды, - деп хабарлайды Altainews тілшісі.

Облыста жыл басынан бері 26,6 млрд. теңгеге 630 жоба субсидияланып, кепілдік берілген екен. Тек «Ақ-Ниет» шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен қаржыландырудың аймақтық бағдарламасы аясында ғана биыл 1,3 млрд. теңгеге 104 жобаға кредит беріліп отыр.

"Биылдан бастап бағдарлама бойынша Марқакөл, Күршім, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарында туризм мен жол бойы сервисін дамыту бойынша жобаларға қаржы бөлінеді", - деп атап өтті ШҚО әкімі Ермек Көшербаев.

Аталған шаралар шағын-орта бизнес субъектілерінің салық төлемдерін 22,1%-ға, инвестициялар көлемін 26%-ға, шығарылатын өнімді 13,4%-ға ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу