KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
505.53 593.44 6.34

ШҚО-да болт жұтып қойған бір жасар бала құтқарылды

16.07.2025, 18:00 237 Ержан Әбіш

Шемонаиха ауданындағы Усть-Таловка ауылында бір жасар бала темір болт жұтып қойып, тұншығып қалған. Абырой болғанда, ата-анасының жедел әрекеті мен медицина қызметкерлерінің кәсіби көмегінің арқасында бала аман қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Оқиға 11 шілде күні болған. Сәбидің әкесі баласының дем алмай, көгеріп бара жатқанын көріп, бірден жедел жәрдемнің 103 арнасына хабарласқан. Осы сәтте фельдшер Галина Гречаник телефон арқылы баланың әкесіне реанимациялық көмек көрсету бойынша нұсқаулық беріп, алғашқы әрекеттерді жасауды бағыттап отырған.

– Әкенің сабыр сақтап, фельдшердің айтқанын нақты орындауы арқасында баланың тыныс жолынан бөгде зат – болт шығарылды, – деп мәлімдеді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жедел жәрдем келгенде баланың терісі көгеріп кеткен, тынысы мен есі болмаған, тек әлсіз пульс қана сезілген. Фельдшер Кристина Коломейцева баланы қатты жерге жатқызып, бірден жүрек-өкпе реанимациясын бастаған. Төртінші минутта сәбидің тынысы қалпына келіп, бірақ әлі есін жимай жатқан. Дәрігерлер оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізген.

Сол күні кешке бала есін жиып, жағдайы жақсарып, кейінірек балалар бөліміне ауыстырылған.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, мұндай оқиғаларда жедел әрекет пен алғашқы көмек шешуші рөл атқарады.

Ата-аналардың балаларын қараусыз қалдырмауы, ұсақ заттарды қол жетпейтін жерге қоюы және алғашқы көмек көрсету тәсілдерін білуі аса маңызды.

Елизавета Седых

Фото: ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу