KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 4 м/с, З
519.61 610.13 6.54

Өскеменде клиникалық өлімге ұшыраған ер адам құтқарылды

Фото: ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы

23.06.2025, 19:30 230 Әбішев Ержан

Жүрегі тоқтаған Өскеменнің 67 жастағы тұрғыны Фельдшерлер Альфия Исмаилова мен Лильназ Ерхатованың жедел әрекетінің арқасында аман қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оқиға 18 маусым күні таңғы сағат 4 шамасында болған. Қашаубаев көшесінен жедел жәрдемге шақыру түсіп, ер адам ентігу, жүрек соғысының жиілеуі және инфарктке тән белгілерге шағымданған.

Оқиға орнына фельдшерлер Альфия Исмаилова, Лильназ Ерхатова және жүргізуші Раджан Байғазиден құралған бригада барған. Олар ЭКГ жасап, алғашқы көмек көрсеткен соң, науқасты ауруханаға алып кетеді. Алайда жолда жағдайы күрт нашарлап, жүрек ақауына байланысты жүрегі тоқтап қалған.

Медициналық бригада дереу жүрек-өкпе реанимациясын бастап, екі циклден кейін жүрек соғысын қайта қалпына келтірген. Ер адам Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасына жеткізіліп, көпсалалы дәрігерлер тобына тапсырылған. Қазір оның жағдайы тұрақты.

Айта кетейік, фельдшер Исмаилова үшін бұл жүрек тоқтаған кездегі екінші сәтті реанимация. Алғашқы жағдай 12 сәуірде Солнечный кентінде болып, 57 жастағы ер адам дәл осылай құтқарылған.

Екі жағдайда да пациенттер фельдшерлердің кәсібилігі мен үйлесімді жұмысының арқасында аман қалған.

Роксана Глыбова

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу