KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 7 м/с, Ю
493.85 519.04 4.97

Өскемен тұрғыны әйелін өзі босандырды

21.12.2022, 10:28 407 Оразай Жеңісұлы

Өскемен тұрғыны аяқ астынан толғатқан әйелін өзі босандырып алды.

Оқиға 11 желтоқсан күні болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сүйенсек, әйел жүктіліктің 37 аптасында болған. Толғақ басталған кезде күйеуі бірден «жедел жәрдем» шақырған.

Жедел медициналық жәрдем қызметі жеткенше, диспетчер ер азаматқа телефон арқылы нұсқаулық беріп отырған.

«Маман үзбей кеңес беріп отырды, ал телефонның дыбыс күшейткішін қосып қойған ер азамат оның айтқанын бұлжытпай орындады. Көп ұзамай шыр етіп өмірге келген сәбидің үні естілді», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Осы кезде жедел жәрдем қызметкерлері межелі жерге жетіп үлгерген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу