ШҚО-да 3 жасар бала түсініксіз жағдайда қайтыс болды
ШҚО-ның Алтай қаласында 3 жасар бала өз үйінде түсініксіз жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы қала тұрғындары әлеуметтік желіде жазып, баланың өліміне анасын кінәлаған еді. Тіпті, әйелдің фотосуретін де таратып жіберіпті.
Полиция департаментінің ақпараты бойынша, қайғылы оқиға 28 қараша болған. Үш жасар қыз бала үйде ойнап жүріп, басынан ауыр соққы алған. Ал түнде анасы баланың тыныс алмай жатқанын байқап, жедел жәрдем шақыртады. Алайда жансақтау шаралары еш нәтиже бермеген екен.
Полиция қызметкерлері баланың сол жақ самайынан гематома тапқан. Өзге дене жарақаттары болмаған. Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.