Шекаралық аймақтарға жеке мәртебе берілуі мүмкін
depositphotos.com
Парламент Мәжілісінің депутаты Мақсат Толықбай шекаралық өңірлердің мәселесін шешу үшін арнайы заң жобасы әзірленетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, шекара маңындағы ауылдардың жағдайы алаңдатарлық. Тұрғындар саны жылдан-жылға азайып, білім беру сапасы мен әлеуметтік жағдайлар күрделене түсуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ол сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елмен кездесіп, ұсыныс-тілектерді жинау арқылы күзде шекаралық өңірлерді дамытуға арналған кешенді заң жобасын дайындау көзделіп отырғанын атап өтті.
Сондай-ақ депутат ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау үшін ауылда мал басын арттырып, халықтың табысын көтеруге бағытталған несиелерді де қарастыру керегін айтты.
Фото: Екатерина Семина
