KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 1 м/с, С
474.71 511.74 5.54

Депутаттар Семей қаласының статусын өзгерткісі келеді

18.12.2019, 08:22 93

Семейдің статусын республикалық маңызы бар қала ретінде өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев премьер-министр Асқар Маминге Семейге республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру туралы ұсыныс айтты.

Еске салайық, өткен жылы Шымкент қаласы дәл осындай статусқа ие болып, Түркістан облыс орталығына айналды. Депутат бұл оқиға тұтас аймақтың дамуына зор ықпал еткенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Заңына сәйкес халық саны бір миллион адамнан асатын немесе ерекше мемлекеттік маңызы бар қалаларға республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілетінін еске салып өткен Азат Перуашев:

– Біздің ойымызша, Семей ерекше маңызы бар қалалардың қатарында болуы тиіс. Ол – ұлы Абай мен Мұхтардың туған топырағы ғана емес, Алаш Орда идеологиясының бесігі. Сол себепті мемлекет басшысының атына ұсыныс дайындау қажет, – деп түйіндеді.

Мәжіліс депутатының айтуынша, Семей қаласы шекаралық аймақта орналасқандықтан, сауда-саттық пен ел экономикасының өсуіне оң ықпал жасайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив