KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 2 м/с, ОБ
517.66 606.49 6.44

Экологтар тұрғындар өтініші бойынша Маралды ауылындағы ауа сапасын тексерді

Фото: видеодан скрин

16.07.2025, 17:30 280 Ержан Әбіш

 

Маралды ауылының тұрғындары атмосфералық ауаның ластануына қатысты алаңдаушылық білдіріп, экология департаментіне жүгінді. Олардың айтуынша, ауыл маңындағы «Маралиха» ЖШС жүргізіп жатқан жарылыс жұмыстары ауа сапасына кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Өтініш негізінде Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті 3 шілде күні Күршім ауданына қарасты Маралды ауылына барып, жарылыс жұмыстары жүріп жатқан сәтте атмосфералық ауаға өлшеу жұмыстарын жүргізді.

– Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында жарылыс жұмыстары мемлекеттік органдар келген кезде ғана тоқтатылып, басқа уақытта жүргізіледі деген күдік айтылды. Осыған байланысты экология департаментінің мамандары кәсіпорынды алдын ала ескертусіз тексеруге шешім қабылдады, – деп хабарлады департамент өкілдері.

Тексеру барысында мамандар атмосферадағы зиянды заттардың шекті мөлшерден асуын анықтайтын арнайы құралдармен өлшеу жүргізді. Нәтижесінде, ауа құрамында белгіленген нормалардан асатын ластаушы заттар анықталған жоқ.

Экология департаменті болашақта да мұндай тексерулерді жалғастырып, жергілікті халықтың талап-тілектеріне жедел әрекет ететінін атап өтті.

Елизавета Седых

Видео: ШҚО экология департаменті

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу