KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Маралды маңында жарылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ

17.05.2024, 18:38 125

Маралды ауылының тұрғындары «ВСАМ Продакшн» ЖШС елді мекенге жақын жерде жарылыс жүргізіп жатыр деп алаңдайды. Сондай-ақ жергілікті халық кәсіпорында жарылғыш заттар болуы мүмкін екенін айтады.

Компанияның ресми жауабындағы мәліметтерге сүйенсек, жарылыс жұмыстары соңғы рет 2023 жылдың ақпанында болған. Әрі жарылысты компания қызметкерлері емес, арнайы рұқсаты бар «Industrial Explosives» кәсіпорнының мамандары жасаған. Тау жыныстарын қопсыту үшін де арнайы мамандар тартылған.

«ВСАМ Продакшн» нысандарында пайдаланылған жарылғыш заттар туралы деректер ішкі істер министрлігі мен төтенше жағдайлар министрлігінің базасында тіркеледі. Яғни аталмыш дереккөздерден нақты апқарат алуға болады. Жарылғыш материалдар жөн-жосықсыз таратыла бермейтіндіктен, тұрғындардың алаңдауына ешқандай негіз жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу