KZ
Өскемен
-25°
переменная облачность жел 1 м/с, С
504.6 594.27 6.48

Ауа сапасына мониторинг: Өскемендегі экологиялық ахуал тұрақты (видео)

22.04.2025, 16:30 405 Әбішев Ержан

 

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы бойынша экология департаментінің мамандары Өскемен қаласындағы атмосфералық ауаның сапасына кезекті мониторинг жүргізді. Бұл шара тұрғындардың экологиялық жағдайға қатысты алаңдаушылығын ескере отырып, жоспарлы түрде жүзеге асырылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сағат 09:22-де Экология департаментінің мамандары Заводская көшесінде, санитарлық-қорғау аймағында ауа сапасына өлшеулер жүргізді.

Зертханалық талдау қорытындыларына сәйкес, ауа құрамындағы ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті концентрациясынан асып кету жағдайлары тіркелмеген. Бұл қаладағы атмосфералық ауаның қазіргі кезде тұрғындар үшін қауіпсіз екенін көрсетеді.

Экология департаменті тұрғындардың өмір сапасын арттыру мен қоршаған ортаны қорғау ісін басты назарда ұстап келеді. Сондықтан мұндай мониторингтер алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізіле бермек.

Департамент өкілдері экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен азаматтардың денсаулығын сақтау – өз жұмысындағы басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Тұрғындардың алаңдаушылығына жауап ретінде жасалып отырған мұндай зерттеулер – өңірдегі қоршаған ортаны сақтау жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу