Бүгін ШҚО-да найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал
depositphotos.com
17 шілде күні Шығыс Қазақстан облысында алуан түрлі ауа райы күтіледі. «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының мәліметінше, түнде облыстың шығысы мен орталығында найзағай ойнайды, ал күндіз батыс, шығыс және оңтүстігінде найзағай, бұршақ және екпінді жел болуы ықтимал, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Күндіз солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы облыстың батысы, шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-ке дейін жетеді.
Осы күні облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады деп күтілуде. Бұл аймақта жоғары өрт қаупі сақталады.