KZ
Өскемен
+1°
пасмурно жел 3 м/с, В
522.38 612.6 6.54

Күн райы: бүгін ШҚО-да найзағай ойнап, дауыл соғады

Фото: pexels.com

25.06.2025, 08:00 232 Гульжан Мусина

«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, 25 маусым күні облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы және дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-ке, ал күндіз 23-28 м/с-ке дейін күшеюі мүмкін.

Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталса, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Өскемен қаласында да найзағай ойнап, бұршақ жаууы күтілуде. Жел бағыты солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні күндіз 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Қалада да өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу