KZ
Өскемен
-16°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СБ
509.63 592.34 6.54

Павлодарда 560 млн теңге ұрланған: лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: informburo.kz

27.07.2025, 18:00 237 Төлеуғазы Жансая

Павлодар облысының прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар салаларға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында ірі көлемдегі қаржы жымқыру фактілерін анықтады. Қадағалау органы әсіресе мемлекеттік аппаратты цифрландыру мен халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жобаларға ерекше назар аударған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақстан Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде лауазымды тұлғалардың қатысуымен жасалған сыбайлас жемқорлық схемалары мемлекетке жарты миллиард теңгеден астам залал келтіргені белгілі болды.

Мәселен, Ақпараттандыруды дамыту өңірлік орталығына қатысты тексеру барысында 110 млн теңге көлемінде қаражат жеткізушілерге нақты көрсетілмеген қызметтер үшін заңсыз төленген. Ауылдық жерлерде интернетке қосылу және жер мен сәулет салаларын цифрландыру тек құжат жүзінде ғана іске асырылған.

Ал Ақсу қаласындағы әлеуметтік тұрғын үй құрылысы шеңберінде орын алған заңбұзушылықтар одан да ауқымды. Прокурорлар мердігерге мүлде көрсетілмеген тауарлар мен жұмыстар үшін 450 млн теңге аударылғанын анықтады. Салдарынан жоба мерзімі созылып, нысан құрылысы тоқтап қалған.

Мемлекет мүддесіне нұқсан келтірген қылмыстық істердің маңызын ескере отырып, бұл тергеу істерін арнайы прокурорлар жүргізіп жатыр.

Қазіргі таңда тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етілмейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу