Өскеменде кеміргіштерге қарсы күрес басталды
Өскемен қаласында дератизация, яғни кеміргіштерге қарсы жоспарлы шаралар қолға алынды. Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, экологиялық жағдайды жақсарту.
– Қала аумағында дератизация жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Егер тұрғындар зиянкестерге қатысты шағым немесе өтініш білдіргісі келсе, Өңірлік басқару орталығына хабарласуын сұраймыз, – деді әкімдік өкілдері.
Сонымен қатар атқарушы орган бұл бағыттағы шаралар өңірлік басқару орталығынан түскен өтінімдер мен тапсырмаларға сәйкес жалғасатынын мәлім етті.
Елизавета Седых
Фото: видеодан алынған скрин
Оқи отырыңыз