KZ
Өскемен
-32°
переменная облачность жел 2 м/с, В
518.39 603.09 6.68

Биыл ШҚО-да 960 шақырым жол жөнделеді

depositphotos.com

1.08.2025, 15:30 1 392 Ержан Әбіш

Биыл Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік инфрақұрылымын жөндеу жұмыстары аясында 960 шақырым жол қамтылады, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Бұл мақсатқа барлық қаржыландыру көздерінен шамамен 83 миллиард теңге бөлінбек. Соның ішінде 60,3 миллиард теңгесі республикалық маңызы бар жолдарға бағытталады.

Жыл соңына дейін 572 шақырым жол пайдалануға беріледі, оның ішінде:

Калбатау – Майқапшағай автожолының 173 шақырымын (1090-1321 шақырым аралығы) қайта жаңарту үшін 36,5 млрд теңге қарастырылған. Жолдың жалпы ұзындығы — 415 шақырым, оның 231 шақырымы ШҚО аумағында орналасқан. Қазіргі таңда 214 шақырымында көлік қозғалысы жаңа асфальт арқылы қамтамасыз етілген, қалған 17 шақырым 2025 жылы толық аяқталады (мердігер — «Синь-Синь» ЖШС).

Талдықорған – Калбатау – Өскемен автожолының 60 шақырымын жөндеуге 1,6 млрд теңге бөлінген (мердігер — «Ситик» ЖШС). Қазір Қасым Қайсенов кенті маңында жол пайдалану учаскесінің құрылысы жүргізілуде.

Осинов асуының (Өскемен – Алтай – Рахман қайнары, 56-72 км, 72-88 км) 28 шақырымын қайта жаңартуға 11 млрд теңге бөлінген (мердігер — «Құрылыс групп РК» ЖШС). Қазіргі таңда айналма жол салу жұмыстары аяқталып, Пихтовка өзенінен өтетін көпірдің құрылысы басталған. Жұмыстардың аяқталу мерзімі — желтоқсан 2025 жыл.

Сондай-ақ орташа жөндеуге де қаржы қарастырылған. 311 шақырым жолды жаңартуға 22,6 млрд теңге бағытталды (мердігерлер — «Құрылыс групп РК» ЖШС және «ВостокВзрывПром» ЖШС).

Қазіргі уақыттағы орындалған жұмыс көлемі: 170 шақырым жолдың төменгі қабаты асфальтпен жабылған, 60 шақырымда үстіңгі қабаты төселген.

Жөндеу жұмыстары осы жылдың қазан айында толық аяқталады.

Дмитрий Чжан

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу