KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
504.49 587.73 6.57

"АБАЙ - 180": Семейде Майра Ильясованың «Айналдым, елім» атты концерті өтеді

2.08.2025, 15:08 261 Ержан Әбіш

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында 2 тамыз күні сағат 18:00-де Абай атындағы театр сахнасында Қазақстанның халық әртісі, Абай елінің тумасы Майра Ильясованың «Айналдым, елім» атты шығармашылық концерті өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі 018.kz порталына сілтеме жасап.

Аталған іс-шара Абай облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Мақсаты – қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын насихаттап, туған жермен рухани байланысты тереңдету.

Концертте Майра Ильясова Абай шығармашылығына арналған әндерді және қазақ музыка өнерінің жауһарларын орындайды. Өнер иесі өзінің туған еліне деген ыстық ықыласын өнер тілімен жеткізеді. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық өнердің көркем кешінен рухани әсер алып қайтады.

Майра Ильясова – ұлттық сахнада өзіндік үнімен, сахналық мәдениетімен дараланған тұлға. Ол көп жылдық шығармашылық жолында бірнеше буын тыңдарманның жүрегінен орын алып, қазақ эстрадасының дамуына зор үлес қосты.

Гастрольдік сапар шеңберінде концерттік бағдарлама 3-6 тамыз аралығында Аягөз, Үржар, Жарма және Жаңасемей аудандарында жалғасады.

Өтетін орны: Абай атындағы театр, Семей қаласы. Кіру – тегін! Кештен қапы қалмаңыз – сіздерді рухани әсерге толы өнер мерекесі күтеді!

Фото: 018.KZ - ABAI AQPARAT

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу