KZ
Өскемен
-4°
туман жел 1 м/с, СШ
504.49 587.73 6.57

Қазақстандықтарға 434 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

Фото: gov.kz

22.08.2025, 17:30 294 Ержан Әбіш

2025 жылдың басынан бері қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 434 млрд теңгеден астам қаржы көлемінде мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер берілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық бюджеттен осы мақсатқа 381,9 млрд теңге жұмсалса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) қосымша 52,3 млрд теңгеге жуық төлем жүзеге асырылды.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 542,8 мың адамды, ал асыраушысынан айырылу жәрдемақысын алушылар саны 184,7 мың адамды құрады.

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, сондай-ақ «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейіне байланысты белгіленеді. Ал асыраушысынан айырылу жәрдемақысының көлемі асырауындағы адамдар санына, қайтыс болу себебіне және күнкөріс деңгейіне қарай есептеледі.

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға да әлеуметтік төлемдер жүргізіледі. 1 тамыздағы мәлімет бойынша, 95,7 мың адам еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлем, ал 65,4 мың отбасы асыраушысынан айырылу бойынша төлем алды.

Бұл төлемдердің мөлшері соңғы екі жылдағы орташа табысқа, әлеуметтік аударымдар көлеміне, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициентіне және асырауындағы адамдар санына байланысты есептеледі.

Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төмен күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты 6,5%-ға артты. Мәселен, жалпы аурудан мүгедектігі бойынша жәрдемақы биыл: 1-топқа – 101 702 теңге, 2-топқа – 81 362 теңге, 3-топқа – 55 474 теңге.

Ал еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері – 71 082 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша – 73 378 теңге болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу