KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 2 м/с, СШ
502.83 545.37 5.95

Қазақстандықтарға 122,6 млрд теңгеден астам әлеуметтік төлемдер төленді

gov.kz

Кеше, 13:00 67 Төлеуғазы Жансая

2025 жылдың басынан бері мүгедектігі және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға (МӘЖ) республикалық бюджеттен 107,8 млрд теңге, ал Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) 14,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

1 наурыздағы мәліметке сәйкес, мүгедектігі бойынша 539,9 мың адам, асыраушысынан айырылу бойынша 194,5 мың адам жәрдемақы алуда. Сонымен қатар, 89 мың адам еңбекке қабілеттілігінен айырылу, 62,1 мың отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне байланысты МӘЖ және МӘСҚ төлемдері 6,5%-ға артты. Осыған сәйкес, мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері 1-топ үшін – 101 702 теңге, 2-топ үшін – 81 362 теңге, 3-топ үшін – 55 474 теңгені құрайды. Орташа әлеуметтік төлемдер еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша – 70 510 теңге, асыраушысынан айырылу бойынша – 71 752 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу