Масылдық жайлы халық пікірі: «Еңбектің наны ғана тәтті»
depositphotos.com
Қоғамда жиі талқыланатын мәселенің бірі – масылдық. Бұл туралы халық өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz.
Көпшіліктің айтуынша, түрлі айла-шарғымен қазына қаржысын заңсыз иемденетіндер бар. Мұндай әрекетке жол бермеу үшін оларды анықтап, тиісті шара қолдану қажет.
– Әркім еңбектің наны тәтті екенін білсе, мұндай жымысқы әрекеттер болмайды, – дейді қала тұрғыны.
Көптеген азаматтар әлеуметтік көмекті тек шынымен мұқтаж жандар алуы тиіс деп есептейді. Ал мемлекет жәрдеміне сүйеніп, еңбектен қашу қоғамның дамуына кедергі келтіреді.
Оқи отырыңыз