KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
530.12 546.08 5.17

Әлеуметтік желі, медиаресурс, халық бірлігі – жемқорлықпен күрестің қуатты құралы

15.07.2019, 06:18 125

«Жемқорлықтың қарапайым түсінігі – лауазымды тұлғалар, саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ мемлекеттік шенеуніктердің өз қызметтерінде сатқындық танытуы», – дейді әділет майоры Бақытжан Ниязбеков. Жуықта Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ОВ-156/22 мекемесінің қызметкерлеріне «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты сабақ өткізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі

– Мемлекеттік сатып алу, мемлекет қаржысын талан-тараж етіп, ысырап қылу, жер учаскесін заңсыз беру, дүние-мүлкін, ақша капиталын салық декларациясынан, яғни мемлекеттен жасырып қалу сияқты мемлекет қалтасына қауіп төндіретін жат қылықтар әлі де көрініс беріп жатыр. Бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамның өкіметке, билікке деген сенімсіздігін тудырады. Өкінішке қарай, жең ұшынан жалғасатын, бармақ басты-көз қысты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні даусыз, – деді өз сөзінде аталмыш мекеменің бастығы Бақытжан Ниязбеков.

Елімізде 2015 жылдың 18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаны белгілі.

– Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты болады. Әлеуметтік желі мен медиаресурстар және халықтың жұмылуы - сыбайлас жемқорлықпен күрестің қуатты құралына айналуға тиіс. Елбасының мемлекетіміздің тағдыры үшін маңызды құжатында айтылған мемлекеттік қызметтегі тұлғаларға қойылатын талап - «Әрбір мемлекеттік қызметкердің ары да жаны да таза, сауатты және білікті, біреуге тәуелді болмайтындай жағдайда болса екен» деген сөзін әманда қаперімізде ұстауымыз қажет, – деп түйіндеді сөзін Бақытжан Ниязбеков.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу