Су үнемдеу технологиялары қолданылатын егіс алқаптары 86%-ға ұлғайды
Қазақстанда 2024 жылдан бері су үнемдеу технологияларын және суару жүйесін енгізуге арналған субсидия түрінде мемлекеттік қолдау көрсету бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп келеді. Шаруаларға инфрақұрылым тарту, су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарының 50%-дан 80%-ға дейінгі үлесі өтеледі. Сондай-ақ тариф құнына байланысты суармалы суға субсидияның сараланған мөлшері енгізілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Осының нәтижесінде су үнемдеу технологияларын пайдалану көлемі 86%-ға артты. Егер 2023 жылы мұндай әдістер 312,2 мың гектарға қолданылса, биыл бұл көрсеткіш шамамен 581 мың гектарға жетті.
Мемлекеттік қолдау су үнемдеу жабдықтарын өндіретін отандық нарықтың дамуына да серпін берді. 2024 жылы Түркістан облысында, Алматы және Астана қалаларында жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін жасайтын төрт зауыт ашылды. Биыл Жамбыл облысында қазақ-қытай бірлескен жобасы аясында жаңа кәсіпорын іске қосылып, ол 14 мың гектар алқапты тамшылатып суару ленталарымен қамтуға мүмкіндік берді.
Сонымен қатар Түркістан қаласының индустриялық аймағында тамшылатып суару жүйесіне арналған пластик құбыр өндірісі іске қосылды. Жетісай ауданында полиэтиленді қайта өңдеу және су үнемдеу жабдықтарын өндіру қолға алынса, жыл соңына дейін Мақтаарал ауданында пластик құбырлар мен тамшылатып суару құрылғыларын шығаратын зауыт іске қосылмақ. Қызылорда облысында түрік инвесторлары жобалық қуаты 20 мың гектар болатын жаңа өндіріс ашуды жоспарлап отыр.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын атап өтті: