«Шығыс Салбурыны-2025» финалы ертең өтеді
«Шығыс Салбурыны-2025» финалы — өткізіп алмаңыз! Барлық басты шаралар ертең өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ертең, 11 қазанда, Ұлан ауданы Бозанбай ауылында бесінші мерейтойлық Халықаралық «Шығыс Салбурыны» фестивалінің соңғы күні өтеді. Бұл — ұлттық мәдениет, этноспорт және дәстүрлерге толы жарқын мереке. Барлық басты іс-шаралар ертең өтеді делінген өңірлік коммуникациялар қызметі ақпаратында.
Фестиваль бағдарламасында:
- бүркітшілер өнері;
- тазы иттерінің шеруі;
- ұлттық киімдер парады;
- 40 киіз үйден құралған этноауыл;
- қазақтың дәстүрлі ғұрыптары;
- гала-концерт.
Фестиваль қонақтары: Қазақстан, Моңғолия, Венгрия, Қырғызстан және басқа да елдерден келген қатысушылар өздерінің мәдени мұрасын және этноспорттағы шеберліктерін көрсетеді.
Өтетін орны: «Бүркіт төбе» этноалаңы.
Көлік: «Өскемен – Бозанбай – Бүркіт төбе» бағыты бойынша автобус 11 қазан күні сағат 8:00-де «ADAL» автовокзалынан шығады. Кері қайту рейсі сағат 16:00-де. Жол жүру құны — әр адамға 1000 теңге.
Маршрут бойында келесі аялдаулар ұйымдастырылған: «Эмилия», «Өзен вокзалы», «Фреш Маркет», «Сәтпаев», «Сол жағалаудағы полиция бөлімі» (жатақхана), «20-шағын аудан».