«Шығыс салбурыны»: Өскеменнен Бозанбайға арнайы автобус жүреді
depositphotos.com
Ұлан ауданында «Шығыс салбурыны» халықаралық фестивалін өткізуге байланысты 12 қазанда Өскемен қаласынан арнайы автобус жүреді. Өскемен – Бозанбай – Бәйгетөбе бағытындағы автобус маршруты Өскеменнің «Adal» автовокзалынан ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
«Adal» автовокзалынан автобус сағат 9:00-де және сағат 10:00-де аттанады, кері қайтатын уақыт 15:00-де және 16:00-де.
Маршруттың жүру жолы бойынша «Эмилия», «Өзен вокзалы», «Фреш маркет», «Сәтбаев», «Сол жағалау полиция бөлімі (жатақхана)», «20-шы шағын аудан» аялдамаларынан өтеді.
Билеттің құны – 200 теңге.
Барлық сұрақтар бойынша «Adal» автовокзалының анықтама қызметіне мына телефон бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: 8-777-189-00-03.