KZ
Өскемен
-8°
плотный туман жел 1 м/с, С
505.53 593.44 6.34

Инновация бағыты: ШҚО делегациясы Қытайдың IT және жасанды интеллект саласындағы тәжірибесін зерттеуде

13.10.2025, 08:54 311 Базарова Айгүл

Қытай Халық Республикасының Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында цифрлық технологиялар саласындағы кадрларды даярлауға арналған халықаралық оқыту семинары өтуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы өз Жолдауында алдағы үш жыл ішінде Қазақстан жасанды интеллектіні енгізу және IT-инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды қадамдар жасау қажет екенін атап өткен болатын.

Қазақстандық делегация құрамына университеттер мен колледждердің басшылығы, сондай-ақ IT, жасанды интеллект, қаржы және креативті экономика салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер енді.

Делегацияны ШҚО туризм кеңесінің төрағасы Сымбат Рамазанов бастап барды. Ол цифрлық технологиялар саласында білікті мамандарды даярлау Қазақстанның болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

«Жылдам жүріп жатқан цифрлық трансформация жағдайында білікті кадрлар даярлау мәселесі ШЫҰ елдерінің барлығы үшін басымдыққа айналды. Бұл семинар – тәжірибе алмасып, Қазақстанның цифрлық күн тәртібін іске асыруға қажет жаңа білім алуға тамаша мүмкіндік», – деді ол.

Алты күнге созылатын бағдарлама барысында делегаттар IT-хабтарды, технологиялық парктер мен инновациялық компанияларды аралап, жасанды интеллект негізіндегі шешімдердің қалай енгізіліп жатқанымен танысады. Қатысушылар цифрландырудың үздік тәжірибелерін білім беру, бизнес және мемлекеттік басқару салаларында зерделейді.

Семинарға Қытай, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысуда. Бұл алаң цифрлық даму саласындағы халықаралық тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты нығайту үшін бірегей мүмкіндік болып отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу