Өңірге турист тартудың тиімді жолы цифрлық технологияны енгізу
Қытайдың Шыңжан ұйғыр автономиялық районында (ШҰАР) Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер арасында «Бірге алға басамыз!» атты халықаралық форум өтіп жатыр.
Алқалы жиынға шақырылған еліміздің делегациясы құрамында Шығыс Қазақстан облысының өкілдері де бар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Қытайдың Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі мен ШЫҰ хатшылығының қолдауымен қолға алынған форумның басты мақсаты – ұйымға мүше мемлекеттер арасында цифрлық технология саласында тәжірибе алмасу, өзара ынтымақтастық орнату.
Сонымен қатар Сымбат Садырқанұлы форумнан кейін биыл жарияланған Қытайдағы Қазақстан туризм жылы аясында шетелдік саяхатшыларды Шығыс өңіріне тарту мақсатында Қарамайдағы туристік компания өкілдерімен кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.