KZ
Өскемен
-9°
ясно жел 1 м/с, С
504.76 593.8 6.5

Шығыс Қазақстанда үшем дүниеге келді

14.10.2025, 11:00 159 Базарова Айгүл

Өскемендегі Ана мен бала орталығының дәрігерлері сәтті ота өткізіп, дүниеге келген үшемнің кіндігін кесті. Қазіргі таңда ана мен сәбилер мамандардың бақылауында, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстандағы Ана мен бала орталығында қуанышты жаңалық — дүниеге үшем келді. Кесарь тілігі арқылы өткен операция білікті дәрігерлердің қатысуымен сәтті жүзеге асырылды.  

— Дәрігерлердің үйлесімді жұмысы мен жоғары кәсібилігінің арқасында операция сәтті өтті. Қазір үш сәби де жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімі дәрігерлерінің жіті бақылауында. Анасының да жағдайы жақсы, қажетті медициналық көмек көрсетілуде, — деп хабарлады мекеме өкілдері.

Үшемнің дүниеге келуі — жоғары дайындық пен заманауи жабдықтауды қажет ететін сирек әрі ерекше оқиға.

— Біздің орталықта көпұрықты жүктілікті жүргізуге және ең күрделі жағдайларда да білікті көмек көрсетуге барлық жағдай жасалғанына мақтанамыз. Жаңа туған үш ғажайып сәбиімен отбасын шын жүректен құттықтаймыз! — деп атап өтті Ана мен бала орталығының ұжымы.




Елизавета Седых

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу