KZ
Өскемен
+2°
небольшая облачность жел 0,4 м/с, СБ
478.16 534.92 5.18

«Аңсаған сәби»: Өскеменде үшем өмірге келді

Фото: ӘМСҚ ШҚО филиалы

15.05.2023, 10:17 369 Оразай Жеңісұлы

Өскемендік Ахмадиевтер отбасын «Аңсаған сәби» бағдарламасы қуанышқа бөледі. Тоғыз жыл бала күткен шаңырақта үшем өмірге келді.

Бұл – 2023 жылы «Ана мен бала орталығында» туған үшінші үшем, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ЭКО рәсімі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерімен төленген. Балалардың анасы Жансая Ахмадиева «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша квота алған кезде ешқандай қиындық туындамағанын айтады.

Үшемнің екеуі – ұл, біреуі – қыз бала.  Ералы – 1 970 грамм, Ерасыл – 2000 грамм, Зере – 2035 грамм. Сәбилердің бойы бірдей – 42 сантиметр.

Жансая Ахмадиева «Ана мен бала орталығының» қызметкерлеріне аса риза екенін жеткізді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив