Шығыс Қазақстанда сауда көрсеткішінің өсуі байқалады
depositphotos.com
Елдің барлық өңірлерінде, соның ішінде Шығыс Қазақстан облысында да сауда саласында тұрақты өсім тіркеліп отыр. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Министрдің айтуынша, 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша сауданың нақты көлем индексі 108,8%-ды құрады. Номиналды көрсеткіш 52,8 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5%-ға артқан.
Оның айтуынша, сауда секторындағы іскерлік белсенділіктің артуына логистикалық инфрақұрылымның дамуы, цифрлық сервистердің кеңеюі және дистрибуциялық орталықтардың тиімді жұмысы әсер етуде.
Негізгі өсім шикізаттық емес, азық-түлікке жатпайтын және өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарлар есебінен қамтамасыз етілген. Олардың үлесі жалпы сауда айналымының шамамен 82%-ын құрайды.